2023 жылғы 14 маусымда Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ-да мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен "Проактивті мемлекеттік бақылау: проблемалар мен перспективалар" тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел отырысында Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелдің модераторы – Институттың бас директоры Шолпан Кәкімжанқызы Әбікенова болды. ҚР Еңбекмині Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары – М. Мұратбеков өз сөзінде еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерін атап өтті.

Жол картасының негізгі бөлімдері мен жобалық кеңсе жұмысының келешегі туралы Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ә. Бекмағамбетов түсіндірді.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департаментінің директоры – Ш. Балтыбаева өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және тергеп-тексеруді жүргізу барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысының тиімділігі үшін ААЖ таныстырды.

Инспекторлар ААЖ жүйелеу мен автоматтандыру және әдістемелік ұсынымдар жасау бойынша ұсыныстар енгізді