2023 жылғы 8 маусымда Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ Бас директоры Ш. Әбікенованың «Энергоконтракт С.А.» АҚ Бас директоры, жоғары технологиялық жеке қорғаныс құралдарының жетекші ресейлік әзірлеуші және өндіруші М. Головановпен кездесуі өтті. Кездесу барысында энергетика саласы мысалында жұмыскерлерді жеке қорғау құралдарын таңдау кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу мәселелері талқыланды.
Кездесуге Институттың Бас директордың коммерцияландыру жөніндегі орынбасары – Е.Ж. Нұрғалиев және жетекші ғылыми қызметкерлері қатысты.
Энергетика саласының нақты кәсіптік тәуекелдері бар. Сондықтан ЖҚҚ таңдау осы ерекшеліктерді ескеруі керек.
Одан әрі бірлескен жұмыс бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.