2023 жылғы 1 маусымда Астана қаласында "Astana Mining&Metallurgy" ХІІІ халықаралық конгресі жұмысын бастады, ол жыл сайын Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығымен (ТМКҚ) әріптестік арқылы өтеді.

«Кадрлар және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары білім комитеті төрағасының орынбасары, ТМК салалық кәсіподағы, кадрлық және әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін ТМК кәсіпорындары бірінші басшыларының орынбасарлары қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың жаңа бағыттары» тақырыбына Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ бас директоры Ш. Әбікенова баяндама жасады.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде өзекті әлеуметтік-еңбек мәселелері, HR-де ұсынылған жаңа цифрлық шешімдер айтылды.