Бүгін 2023 жылғы 7 маусымда екі ірі мемлекеттік кәсіпорын басшылығының кездесуі өтті: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы.

Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы Е. Қиясов мынаны атап өтті: «Ұлттық сараптама орталығының қызмет аясы кең және денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды бөлігі болып табылады. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету — біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі. Жыл сайын жабдықтарды жаңарту біздің зертханаларға зерттеу спектрін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар зерттеудің тиімділігі мен дәлдігін едәуір арттыратын жаңа технологиялар мен әдістемелерді енгізуге мүмкіндік береді. Заманауи жабдықтар мен жаңа әдістемелерді енгізуге байланысты біздің алдымызда еңбекті дұрыс нормалау және көрсетілетін қызметтерді тарифтеу мәселесі туындады».

Еңбекті нормалау саласындағы тәжірибесі мен ғылыми әлеуетін ескере отырып, Қазақстанның барлық ірі қалаларында филиалдары бар еңбекті қорғау жөніндегі жетекші ғылыми-зерттеу институты ынтымақтастыққа шақырылды. Екі кәсіпорынның басшылығы мен өкілдері нормалау саласындағы мақсаттар мен міндеттерді айтып, өзара іс-қимылдың негізгі кезеңдерін айқындады.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасасу туралы шешім қабылданды, оның шеңберінде одан әрі жемісті ынтымақтастық жоспарлануда.