2023 жылғы 1 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ғимаратында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ және NCOC (NORTH CFSPIAN OPERATING COMPANY) компаниясының бірлескен кеңесі өтті.

Кеңеске: Т. Оспанқұлов — ҚР Еңбек министрлігі Еңбек комитетінің төрағасы, Ш. Әбікенова — Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ бас директоры және Е. Нұрғалиев — бас директорының орынбасары, У. Жансаинов – Денсаулық сақтау, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директор және Э. Вартон — NCOC компаниясынан ОЗТОС саласындағы озық технологиялар орталығының менеджері және басқалары қатысты.

Күн тәртібінде кәсіпорында кәсіптік тәуекелдерді бағалауды енгізу мәселелері. NCOC өкілдері өз қызметкерлері үшін кәсіптік тәуекелдерді бағалау әдістемесінің практикалық қолданылуын түсіндіру мәселелері бойынша консультациялық сессия өткізуді ұсынды, оның авторы ЕҚРҒЗИ болып табылады. Кеңестің қорытындысы бойынша тараптар осы бақытта бірлескен жобаларды өткізу және ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қоюға уағдаласты.