2023 жылғы 2 маусымда Қазақстанда 4 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында салтанатты іс-шара өтті.

1992 жылғы маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн туған күні ретінде мәңгі қалады.

Бас директордың коммерциаландыру жөніндегі орынбасары Е. Ж. Нұрғалиев құттықтау сөз сөйледі.

Әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкерлері мемлекеттік рәміздердің авторларын, олардың құрылу тарихын, мәні мен мазмұнын білуге арналған командалық зияткерлік викториналар ұйымдастырды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар командалары символдық сыйлықтармен және институт басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнді орындаумен аяқталды.