ҚР ЕХӘҚМ еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ Бас директорының м.а., з.ғ. к., қауымдастырылған профессор А. Бекмағамбетовтың басшылығымен ғылыми кеңестің отырысы өтті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары, PhD докторы М. Жаумитова сөз сөйледі. «ҚР-дағы қауіпсіз еңбек экономикалық мәселелері және сақтандыру тетігін институционалдық қайта құру» ғылыми-техникалық бағдарламасының жетекшісі, ф-м. ғ. к., қауымдастырылған профессор – Ш. Әбікенова ҒТП іске асыру жөніндегі зерттеу тобының құрамымен таныстырды. Жалпы отырыста Ғылыми кеңестің жаңартылған құрамымен, 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен, оның ішінде ғылыми жарияланымдар жоспарымен таныстырылды.