2023 жылғы 22 қыркүйекте ҚР ЕХӘҚМ еңбекті қорғау жөніндегі республикалық институтының бас директоры Ш. К. Әбікенованың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік секторы мен ақпараттық технологиялар департаментінің қызметкерлерімен үдерістер мен рәсімдерді

(жазатайым оқиғаларды тіркеу, автоматтандырылған жаңа формат, мемлекеттік бақылау жүйесі, өндірістік объектілерді аттестаттаудан кәсіптік тәуекелдерді басқаруға көшу, КТБ нәтижелері негізінде ЖҚҚ таңдау, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге кепілдіктер тағайындау, құзыреттерді басқару моделі, еңбекті қорғаудың цифрлық картасы, Еңбекті қорғау мәдениетін дамыту) цифрландыру бөлігінде қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы жобасының жаңашылдықтары бойынша ақпараттық кездесу өтті.
Спикерлер: бас директордың коммерцияландыру жөніндегі орынбасары Шегай В.В. және кәсіптік тәуекелдерді бағалау орталығының басшысы Жүсіпов А. Ғ.
«Самұрық-Қазына» АҚ еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік секторының басшысы Елекеев Е. М. және ақпараттық технологиялар департаментінің аға менеджері Мәжен К. талқылау аясында бірқатар ұсыныстар айтты.
Кездесі қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыру, оның ішінде жақын арада дөңгелек үстел өткізу мен пилоттық апробация жөніндегі іс-шаралары бойынша қарым-қатынас жоспарын әзірлеу туралы уағдаласты.