2023 жылы 20 қыркүйекте сағат 16:00-де жобалық кеңсе бойынша жұмыс тобы мүшелерінің жалпы кеңесі өтті.

Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың соңына дейін Қауіпсіз еңбек Тұжырымдамасын қабылдау қажеттігі туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде республикалық еңбекті қорғау ҒЗИ ғалымдары кәсіпорын мен жұмыс орнын кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша саралау үшін кәсіптік тәуекелді интегралды және жеке бағалау жөніндегі әдістемені ұсынды.

Оны талқылауға жұмыс берушілердің, жұмыскерлер мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері, оның ішінде: А.Татанов, С. Кужемуратов, А. Солтыбаев, О. Зарубин, Е. Отаров, Г. Нұрпейісова, Н. Астапенко, М. Имаш, С. Рябов және т. б. қатысты. Кездесу соңында Жобалық кеңсе кері байланыс алу үшін сауалнама таратылды. 

Оның нәтижелері қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ескерілетін болады.