2023 жылғы 6 қыркүйекте Жол картасы іс-шараларын іске асыру шеңберінде «Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жеке қорғану құралдарын таңдау» №2 бағыты бойынша Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Модераторы ЕҚРҒЗИ Биомониторинг және еңбек гигиенасы бөлімінің басшысы Э. Құлмағамбетова болды. Спикерлері ЕҚРҒЗИ Қарағанды облыстық филиалының директоры А.Омарова жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерді ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету қағидаларының жобасы бойынша (12, 14, 26, 27, 30 және 33-тармақтар) ұсыныстар енгізді, Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу және шешу бөлімінің меңгерушісі М. Имаш (1, 13, 14 тармақтары бойынша) өз ұсыныстарымен сөз сөйледі. Сондай-ақ 12-тармақ бойынша Өндірістік кеңестің құзыретіне қалдырылсын. «Полиметалл Евразия» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы М. Хаматов жалпы өндірістік ластану факторлары, сондай-ақ механикалық, физикалық-химиялық факторларға қатысты жұмыскерлерге арналған арнайы киімдері мен басқа да ЖҚҚ тізбесі бойынша таныстырылыммен сөз сөйлеп және кәсіпорындағы тәуекелдерді бағалау карталарын ұсынды, қонақтарды, кезекші ЖҚҚ, сондай-ақ басшыларға арналған ЖҚҚ кию уақытына қатысты мәселелерді шешу қажеттілігін айтты. Кездесу барысында Н. Шабаева, М.Голованов және т.б. белсенді қатысты.