6.09.2023, «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі 2,7 млн. мүшені біріктіретін кәсіподақтар конфедерациясының төрағасы - Ali Reza Mahjoub бастаған Ираннан келген делегациямен кездесу. Салалық арасында ең көп санды ұйым - машина жасаушылар кәсіподағы (200 мыңнан астам мүше).

«Аманат» ҚКД РКБ-нің төрағасы Пригорь Андрей Игоревичтің шақыруы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтынан Бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі Ә.Б. Бекмағамбетов қатысты.

Ол өзінің қысқаша баяндамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын Үкіметтің бекітуіне енгізу тапсырмасы айтылғанына назар аударды.

Дүниежүзілік Федерациямен ынтымақтастық, Үкіметпен өзара іс-қимыл мәнмәтінінде еңбекшілердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлемдегі, өңірлердегі, нақты елдердегі кәсіподақ қозғалысының салыстырмалылығы.