2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Іс-шараға Мәжіліс пен Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының өкілдері: Бас директоры Ш.Әбікенова және бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары А.Бекмағамбетов қатысты. Елбасы өз сөзінде «Өндірістік жарақат алудың жиілеуі өте өткір мәселе болып отыр және Үкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын осы жылдың соңына дейін қабылдауға тиіс. Бұл құжат жұмыс орнындағы кәсіби сын-қатерлердің алдын алуға және жоюға бағытталуы керек» деп атап өтті. Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қолдау тетігін әзірлейді.
 
                                                                             Фото Ақорда баспасөз қызметінен