2023 жылғы 21-25 тамыз аралығында Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жол картасы шараларын іске асыру шеңберінде Жобалық кеңсенің №1 «Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жұмыс орнын саралау», №2 «Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жеке қорғану құралдарын таңдау», №3 «Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша сақтандыру тарифін саралау» бағыты бойынша жұмыс кездесулері өтті.

Жұмыс тобының кездесулері барысында талқылауға мынадай ұсыныстар қаралды: Кеден одағы регламентіне сәйкес ЖҚҚ бойынша сертификаттау және сынау хаттамасы, арнайы киім мен ЖҚҚ сапасын арттыру, ЖҚҚ тізбесін халықаралық стандартпен толықтыру (жұмыскерге теріс әсерді азайту қағидатын сақтау кезде).
Осы отырыстар аясында сауалнама-термесауалдауыштардың қорытындысы шығарылды.