24 тамызда №1 Жұмыс орнын кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша саралау бағытына Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының Жол картасы шараларын іске асыру шеңберінде NCOC компаниясының еңбекті қорғау қызметінің өкілдері М. Мамбетов (Risk Management Engineer) және А.Татановпен кездесу өтті,

олар NSE жүйесі бойынша кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың матрицалық әдісін таныстырды. Спикерлер тәуекелдердің туындау ықтималдығын есептеудің маңыздылығын, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге матрицалық тәсілді енгізуді түсіндірді. Әртүрлі салаларда матрицалық тәсілді қолдану, сондай-ақ кәсіптік тәуекелдерді көрсетудің аналитикалық құралы – Safety Hazard Sheets (жалпы бағалау парақтары) бойынша ұсыныс қарастырылды. NCOC өкілдері кәсіптік тәуекелдерді бағалау рәсімдерін жаңғырту үшін ЕҚРҒЗИ-мен ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.