23 тамызда Жобалық кеңсе №1 Жұмыс орнын кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша саралау және №3 Сақтандыру тарифін кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша саралау бағыттарына жұмыс топтарының кезекті отырысын ұйымдастырды.
Онда кәсіптік тәуекелді бағалау негізінде сақтандыру тарифін есептеудің жаңа әдістемесін енгізу, «Бонус-Малус» жүйесін қолдану мәселелері талқыланды. Жұмыс кездесудің қатысушылары зардап шеккен жұмыскерлерді оңалту шығыстарын қаржыландыру жүйесіне, оның ішінде төлем мөлшері қалай айқындалатынына және оны пайдалану бағыттарына тоқталды: медициналық қызметтер, санатория- курорттық емдеу, протездеу немесе жабдықтар. Сонымен қатар кездесуде NCOC компаниясы барлық өңдірістік кәсіпорындар үшін кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың бірыңғай матрицалық жүйесін таныстырды.
Кездесу нәтижесі бойынша ұсыныстарды ескере отырып, Әдістемені кәсіптік тәуекелдерді жеке бағалау бойынша жеңілдету ұсыныстары жасалды, яғни екі көрсеткішті қалдыру: еңбек жағдайларының зияндылығы мен қауіптілігі бойынша.