2023 жылғы 18 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ конференц-залында ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп Жол картасын әзірлеу жөніндегі Жобалық кеңсенің өкілдері, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ қызметкерлері 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жол картасы жобасының шаралары шеңберінде мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы жұмыс тобының отырысында Жол картасының негізгі бағыттары бойынша таныстырылымен сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі А. Жамауов пен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары М. Жаумитова құттықтау сөз сөйледі.
Модератор «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Л. Ахмурзина болды.
Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасына Мұнай–газ кешенінің салалық кәсіптік одақтарының төрағалары – С. Қалиев, мұнай-газ саласының – Е. Мұстафина және химия, мұнай-химия және өнеркәсіптің ұқсас салаларының қызметкерлерінің – К. Пірімқұлов ұсыныстар айтты.
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ Бас директоры Ш. Әбікенова 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бойынша жол картасын әзірлеу туралы баяндама жасады.
Спикерлер: Н. Джумагулова, Л. Жанқұлова, Э. Құлмағамбетова, В. Шегай, Ш. Айтимова және Г. Рахимова Жол картасының негізгі бағыттарын таныстырды, ол кәсіптік тәуекелді бағалаудың жаңа моделін әзірлеуді және жұмыс орнын саралауды, ЖҚҚ беру және таңдау нормалары бойынша реттеуші саясатты, ЖОМС жүйесінде сақтандыру тарифін әзірлеуді және белгілеуді, кәсіптік тәуекел негізінде зиянды еңбек жағдайларында айналысатын адамдарға әлеуметтік кепілдіктер берудің жаңа тетігін әзірлеу, оқыту процестерін цифрландыру және қауіпсіз еңбек саласындағы мемлекеттік бақылаудың цифрлық форматы, оның ішінде еңбек жағдайларын статистикалық байқау әдістерін жетілдіруді қамтиды. Кездесу барысында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.