2023 жылғы 11 тамызда онлайн-форматта «Еңбекті қорғау саласындағы оқыту сапасын арттыру және кәсіптік тәуекел дәрежесін ескере отырып, құзыреттерді дамыту моделін енгізу» 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жол картасының 5-бөлімі бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.

Спикер Г.М. Рахимова (ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ Кәсіби құзыреттер орталығының басшысы) талқылауға келесі мәселелерді ұсынды: үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұны, озық халықаралық тәжірибені кәсіби құзыреттерді арттырудың ұлттық жүйесіне интеграциялау.

Бұдан басқа, қатысушылар мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыреттерін арттыру, білім алушыларды санаттау, оқытудың кезеңділігі мен ұзақтығы (сағат көлемі), экспаттарды оқыту ерекшеліктері, оқыту және білімді тексеру мәселелерін ажырату, осы саладағы халықаралық практика, Бірыңғай ғылыми-әдістемелік орталықтың функционалы, оқыту ұйымдарының, лекторлардың, сертификаттардың тізбелерін қалыптастыру және жүргізу мәселелері, оқыту ұйымдарының, жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің жауапкершілігі, оқыту ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылау мен мониторингті күшейту.

Сөз сөйлеушілердің қатарында «Ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының, «Самұрық-Энерго» АҚ Еңбекті қорғау департаментінің, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының, «Қазақмыс» корпорациясының, «Полиметалл Еуразия» ЖШС, «STANDARD-GROUP LTD»ЖШС өкілдері болды.