Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жол картасының шараларын іске асыру шеңберінде «Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылған адамдарға әлеуметтік кепілдіктердің түрлері мен көлемдерін саралау» бағыты бойынша Жобалық кеңсе әлеуметтік әріптестермен жұмыс кездесуін ұйымдастырды,

онда зиянды, қауіпті және аса қауіпті еңбек жағдайларда жұмыспен қамтылған адамдарға әлеуметтік кепілдіктер тағайындау мен ұсынудың өзекті мәселелері талқыланды.

Ұсынылған ұсынымдарды қарау бойынша пікірталас алаңына: «Аманат» Қазақстан Кәсіподақтар Достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің бірінші басшысы – Андрей Пригорь, «Полиметалл Еуразия» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы – Марсель Хаматов, Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі – Марат Имаш, «Теңізшевройл» ЖШС өнеркәсіптік гигиена тобының басшысы – Ментай Мүбаракова қатысты.

Жұмыс тобының кездесулері барысында әлеуметтік кепілдіктерді тағайындау тәртібін өзектендіруге, тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, әлеуметтік кепілдіктердің түрлері мен көлемін айқындауға байланысты мәселелер талқыланды.