4.08.2023, «Еңбектің қауіпсіз және салауатты болашағы» атты «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі II жыл сайынғы өндірістік форумы.

Бірінші спикер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасов «Жаңа сын-тегеуріндерге жауап ретінде еңбекті қорғауды мемлекеттік реттеудегі жаңа тәсілдер. 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы» тақырыбына сөз сөйледі.

Сондай-ақ пленарлық сессияда сөз сөйледі:

-ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М.К. Пшембаев
-«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры К.Г. Ауғанов

Портфельдік компаниялардың панельдік сессиясында Vision zero енгізу бойынша корпоративтік тәжірибе мен практика ұсынылды:

-«Қазатомпром» АҚ төрағасы Е.Ж. Мұқанов
-Төрағаның орынбасары К.Е. Алмагамбетов
-«Қазмұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Д.К. Хасанов
-«QazaqGaz» АҚ Басқарма төрағасы С.С. Жаркешов
-«Эйр Астана» АҚ Басқарма вице-президенті Е. Ни
-«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы К.Б. Максутов
-«Kegoc» АҚ Басқарма төрағасы Н.Е. Айтжанов
Форумға қатысушылар қатарында – ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты.