2023 жылғы 3 тамызда «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК базасында кәсіпорындарда КТБ енгізуді түсіндіру бойынша Мircrosoft Тeams платформасында «Теңізшевройл» ЖШС өкілдерімен онлайн-кездесу өтті.

Кездесуге кәсіпорын атынан ТШО ҚжЕҚ бөлімінің маманы Гүлзада Айтпекова және «Теңізшевройл» ЖШС басшылығының өкілдері, ТШО ҚжЕҚ бойынша техникалық қолдау бөлімінің АГ/ ПГ тобы қатысты.

Кездесудің күн тәртібінде КТБ кезеңдері бойынша практикалық қадамдар және кәсіптік тәуекелдерді бағалау көрсеткіштері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сұрақтарды талқылап, жауаптар берді.

Біз «Теңізшевройл» ЖШС компаниясына өткізілген телекөпір үшін алғысымызды білдіреміз және ерекше кездесулер мен жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.