2023 жылғы 2 тамызда сағат 15:00-де Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша сақтандыру тарифін саралау N 3 бағыты бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

оған: Е.О. Бурабаев – Қор және сақтандыру тарифтерін дамыту орталығының басқарушы директоры, «Қазақстанның қаржы үйымдары қауымдастығы» ЗТБ, Өмірді сақтандыру компанияларының өкілдері, «Еуразиялық топ» ЖШС, ҚРКФ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «KAZ Minerals» АҚ және т.б. қатысты. 

Спикерлер: Жолдасова Роза Әшімбекқызы – «KM Life» ӨСК» АҚ Заң басқармасының басшысы және Юсупов Наиль Акрамович – «Уақыт» ҚБ төрағасы. 

Р. Жолдасова өз сөзінде екі маңызды ұсыныс айтты: қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру және бірыңғай сақтандыру деректері мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дерекқорын біріктіру туралы. 

Н. Юсупов 2015 жылғы еңбекқабілеттілігінен айырылу нәтижесіндегі табысты айқындау туралы заңнамалық түзетулердің жағымсыз әлеуметтік салдарларына тоқталды. Талқылауға белсенді қатысқан Е.О. Бурабаев, А.Кныкова, М.М. Имаш, Н.Кочнева, И.А. Демегенов, О.Ханин, Н.Спиридонова және т.б. 

Ұсыныстар түсті: ОКЭД-ға толықтыру енгізу, даралау мақсатында сақтандыру тарифтерін, есептеулерді өзектендіру қажеттілігі, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары бойынша барлық қаржылық жауапкершілікті сақтандыру компанияларына ақылы сақтандыру жарналары шеңберінде жүктеу туралы.