2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде Цифрлық кәсіпорын картасын пилоттық сынақтан өткізу жобаны іске асыруға дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға жобаның негізгі орындаушылары «ЕРДО» АҚ, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК және «Экотон+» АҚ «пилоттық» кәсіпорнының еңбекті қорғау қызметінің басшысы И.В. Дорофеева қатысты. Кездесу барысында қатысушылар жобаның мақсаттары мен міндеттерін, тараптардың қатысу ерекшеліктерін және т.б. талқылады. 

Кездесу нәтижесінде кәсіптік тәуекелді интегралды бағалау құралы ретінде Цифрлық кәсіпорын картасын пилоттық сынақтан өткізу жобасының төлқұжатының мазмұны тұжырымдалды.