2023 жылғы 28 шілдеде онлайн-форматта «Еңбекті қорғау саласында оқыту сапасын арттыру және кәсіптік тәуекел дәрежесін ескере отырып, құзыреттерді дамыту моделін енгізу» 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жол картасының 5-бөлімі бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.

Спикерлер В.С. Шевцова (т.ғ.к., Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ қауымдастырылған профессоры), Г.Р. Мұхамедиева («Теңізшевройл» ЖШС жобалардағы еңбекті қорғау жөніндегі кеңесші), Б.А. Бектенова («Интергаз Орталық Азия» АҚ «Уральск» МГБ өндірістік бақылау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы) оқыту процесі мен білімін тексеру тәртібі, Бірыңғай оқу-әдістемелік орталықтың мәртебесі, оқыту ұйымдары лекторларының біліктілігі, білім алушыларды санаттау, түлектердің еңбек өтілі жоқ және шетелдік жұмыскерлердің еңбегін қорғау саласындағы біліктілігін арттыру ерекшеліктері, мемлекеттік еңбек инспекторларының біліктілігін арттыру, сондай-ақ білімді онлайн тексеруді енгізуге байланысты тәуекелдер және т.б. туралы ұсыныстар ұсынылды.


Сондай-ақ талқылауға «Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Полиметалл Еуразия» ЖШС, «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ «ныңстана» қалалық филиалының, ҚР Кәсіподақтар федерациясы және Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ өкілдері қатысты.


Талқылау нәтижелері бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша біліктілікті арттыру тәртібіне ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ жұмыс тобының келесі отырысына мәселелер мен спикерлер айқындалды.