В Шымкенте состоялась встреча с работниками образования по вопросам охраны труда

Шымкент қаласында жыл басынан бері 14 жазатайым оқиға тіркеліп, оның төртеуі адам өлімімен аяқталған.
Осы өзекті мәселе 29 қыркүйек күні «Ońtústik Qazaqstan» телеарнасының жаңалықтарында кеңінен көтерілді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының» Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бастамасымен қалалық білім басқармасы мен мемлекеттік еңбек инспекциясының қатысуымен білім беру ұйымдары қызметкерлерімен кездесу өтті.
Филиал директоры Фахриддин Қаратаев өндірістік мекемелерде орын алатын жазатайым оқиғалардың алдын алу қажеттігін баса айтып, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті. Ал филиал директорының орынбасары Абдулла Ахметов еңбек шарттары мен ұжымдық шарттарға қатысты мәселелер қаралатын 40 сағаттық оқыту бағдарламасын таныстырды.
Кездесу барысында:
еңбек заңнамасының сақталуы,
еңбек шарттарын жасау мен тіркеу,
өндірістік ортадағы зиянды факторларды бағалау,
еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
жұмысшыларды оқыту және ақпараттандыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері 195 тексеру жүргізіліп, 143 заңбұзушылық анықталған. Жалпы сомасы 12,3 млн теңге айыппұл салынып, оның 58 пайызы мемлекет бюджетіне өндірілген. Бұған қоса, 13 кәсіпорында 84 жұмыскерге қатысты 134,6 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі тіркеліп, оны өтеу үшін нақты шаралар қабылдануда.
«Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының» Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы еңбек қауіпсіздігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастыруда.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://ontustiktv.kz/kz/news/58067
#РНИИОТ #ТүркістанФилиалы #ЕңбектіҚорғау #ҚауіпсізЖұмыс #Шымкент #OńtústikQazaqstan #ЕңбекИнспекциясы
В городе Шымкент с начала года зарегистрировано 14 несчастных случаев на производстве, четверо из них завершились трагически — с летальным исходом.
Эта острая проблема была освещена в новостях телеканала «Ońtústik Qazaqstan» 29 сентября.
По инициативе филиала Республиканского научно-исследовательского института охраны труда по г. Шымкент и Туркестанской области при участии городского управления образования и Государственной инспекции труда состоялась встреча с работниками системы образования.
Директор филиала Фахриддин Каратай подчеркнул важность формирования культуры охраны труда и профилактики производственного травматизма.
Заместитель директора Абдулла Ахметов представил 40-часовую обучающую программу, в рамках которой рассматриваются ключевые вопросы, касающиеся трудовых и коллективных договоров.
В ходе встречи обсуждались:
соблюдение требований трудового законодательства,
обязательность заключения и регистрации трудовых договоров,
оценка вредных факторов производственной среды,
обеспечение безопасности труда,
обучение и информирование работников.
Также озвучены данные о проведённой работе:
за первое полугодие 2025 года в Шымкенте проведено 195 проверок,
выявлено 143 нарушения трудового законодательства,
наложено штрафов на общую сумму 12,3 млн тенге, из которых 58% уже взыскано в бюджет.
Дополнительно было отмечено, что в 13 предприятиях выявлена задолженность по заработной плате перед 84 работниками на сумму 134,6 млн тенге. Приняты конкретные меры по её погашению с участием судебных исполнителей.
Филиал РНИИОТ по г. Шымкент и Туркестанской области продолжает системную работу по повышению уровня охраны труда и профилактике нарушений в регионе.
Подробнее по ссылке: https://ontustiktv.kz/kz/news/58067
2025-09-29 | г. Шымкент
