В рамках Республиканского форума состоялась пленарная сессия на тему «Продвижение имиджа рабочих профессий – создание новых возможностей для молодежи»

«Еңбек адамы – Ел мақтанышы» Республикалық форумы аясында

«Жұмысшы мамандықтарының имиджін арттыру – жастар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау» тақырыбында екінші пленарлық сессия өтті.

Сессия модераторы – «Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институтының» бас директоры Ақтаева Лязат Мейрашевна болды.

Сессия колледж және мектеп оқушыларына арналған онлайн-трансляция форматында өтті.

🗣 Сессия спикерлері:

▪️ Жуманбаев Ерасыл Темірбекұлы, АО «Центр развития трудовых ресурсов» президенті – цифрландыру жағдайында кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы Ұлттық біліктілік жүйесінің рөлі туралы айтты.

▪️ Алдонгаров Әлібек Мансұрұлы, «Kazakhmys Holding» ЖШС ұйымдастырушылық даму және персоналды басқару директоры – компанияның әлеуметтік инвестицияларды бәсекелестік артықшылық ретінде қолдану тәжірибесімен бөлісті.

▪️ Сағынтаева Сауле Саветқызы, А. Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры – өнеркәсіпке қажетті инженерлік-техникалық кадрларды даярлау тәжірибесімен бөлісті.

▪️ Ташболатов Ерсұлтан Шынболатұлы, «Qarmet» АҚ болат құюшы – жастардың жаңа мамандықтарға көзқарасы мен еңбек нарығының болашағы туралы айтты.

▪️ Искаков Манас Мырзашұлы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры – өндірісте Vision Zero халықаралық қауіпсіздік стандарттарын енгізу жөнінде баяндама жасады.

📌 Сессия қорытындысында модератор жастар арасында жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру үшін мемлекет, бизнес, білім беру және кәсіби ұйымдардың күшін біріктіру қажеттігін атап өтті.

В рамках Республиканского форума «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» состоялась пленарная сессия на тему «Продвижение имиджа рабочих профессий – создание новых возможностей для молодежи».

Модератором сессии выступила генеральный директор РГП на ПХВ «Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда» Актаева Лязат Мейрашевна.

Сессия проходила в формате онлайн-трансляции для школьников и студентов колледжей.

🗣 В ходе сессии выступили:

▪️ Жуманбаев Ерасыл Темирбекович, президент АО «Центр развития трудовых ресурсов» — рассказал о роли Национальной системы квалификаций как механизма повышения конкурентоспособности кадров в условиях цифровизации.

▪️ Алдонгаров Алибек Мансурович, директор по организационному развитию и управлению персоналом ТОО «Kazakhmys Holding» — представил подход компании к социальным инвестициям как конкурентному преимуществу.

▪️ Сагинтаева Сауле Саветовна, ректор Карагандинского технического университета им. А. Сагинова — поделилась опытом подготовки инженерных и технических кадров для промышленности.

▪️ Ташболатов Ерсултан Шынболатулы, разливщик стали АО «Qarmet» — озвучил взгляд молодежи на новые профессии и будущее рынка труда.

▪️ Искаков Манас Мырзашевич, директор департамента производственной безопасности АО «НАК «Казатомпром» — рассказал о внедрении международных стандартов Vision Zero в области охраны труда.

📌 В завершении сессии модератор подчеркнула необходимость совместных усилий государства, бизнеса, образовательных и профессиональных организаций для формирования культуры безопасного труда и продвижения рабочих профессий среди молодёжи.

2025-09-27 | г. Астана