В Астане стартовала XII Республиканская научно-практическая конференция с международным участием «Приоритетные направления реабилитологии и курортологии»

2025 жылғы 26 қыркүйекте Астанада «Реабилитология мен курортологияның басым бағыттары» атты XII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Шараға сегіз елден 300-ден астам маман қатысып, неврологиялық және сирек кездесетін ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтудың заманауи тәсілдерін талқылауда.

Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры Ақтаева Лязат Мейрашқызы «Өндірісте зардап шеккен жұмыскерлерді оңалту бағдарламаларын іске асырудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде: «Оңалту бағдарламаларының басты мақсаты – кәсіби қабілеттілікті тиімді қалпына келтіріп, жұмыскердің еңбек қызметіне тезірек оралуына жағдай жасау. Өндірісте зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғаудың халықаралық стандарттары мемлекетке тек медициналық көмек пен қаржылай төлемдерді ғана емес, сонымен қатар еңбекке жарамдылықты қалпына келтіру қызметтерін де қамтамасыз етуді міндеттейді», – деп атап өтті.

Баяндама конференция қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының еңбекті қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы жоғары сараптамалық деңгейін айғақтады.

Бағдарлама аясында сегіз тақырыптық сессия, инновациялық жабдықтар көрмесі, шеберлік сыныптары өткізіліп, жаңа технологиялар талқыланады. Жұмыс нәтижесінде 2026 жылға арналған реабилитация жүйесін дамытудың басым бағыттары айқындалып, оны жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданбақ.

26 сентября 2025 года в Астане стартовала XII Республиканская научно-практическая конференция с международным участием «Приоритетные направления реабилитологии и курортологии». Форум объединил более 300 специалистов из восьми стран, где обсуждаются современные подходы к диагностике, лечению и реабилитации неврологических и орфанных заболеваний.

Сегодня с докладом на тему «Актуальные вопросы реализации программ реабилитации пострадавших на производстве» выступила Генеральный директор Республиканского НИИ по охране труда Актаева Ляззат Мейрашевна. Она подчеркнула: «Главной целью программ реабилитации является эффективное восстановление профессиональной пригодности и скорейшее возвращение работника к трудовой деятельности. Международные стандарты социальной защиты лиц, пострадавших на производстве, обязывают государство не только гарантировать медицинское обслуживание и денежные выплаты, но и создавать службы восстановления трудоспособности».

Выступление вызвало большой интерес у участников конференции и подчеркнуло значимость вклада РНИИОТ в развитие системы охраны труда и социальной защиты.

Программа конференции насыщена: восемь тематических сессий, выставка инновационного оборудования, мастер-классы и обсуждение новых технологий. Завершится форум принятием резолюции, которая определит приоритетные направления развития системы реабилитации на 2026 год.

2025-09-26 | г. Астана