РНИИОТ рассматривает Послание Президента РК как стимул к дальнейшему укреплению научного потенциала

📌 2025 жылғы 8 қыркүйек күні Еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауының трансляциясын мұқият бақылап отырды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын бірқатар маңызды міндеттерді атап өтті. Олардың қатарында:

🔸 Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі ірі авиациялық хабқа айналдыру;

🔸 Цифрлық кодексті жедел қабылдау – цифрлық трансформацияны заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету;

🔸 Ел ішінде және шетелден келетін миграциялық ағындарды есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесін енгізу;

🔸 Әлеуметтік осал топтар үшін әлеуметтік төлемдерді барлық өңірде біріздендіру;

🔸 Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын құру;

🔸 Коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, оның тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру;

🔸 Шекара бекеттерінде автотасымалдаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту;

🔸 Өңдеу өнеркәсібін дамытуға тың серпін беру;

🔸 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына арналған жаңа экологиялық және санитарлық-гигиеналық талаптарды бекіту;

🔸 Жаңа құрылыс кодексін қабылдау;

🔸 Өңірлердің инвестициялық тартымдылығының арнайы индексін енгізу;

🔸 Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін жасанды интеллект арқылы қадағалайтын жаңа мониторинг жүйесін енгізу;

🔸 Ғылым мен жоғары білімді нақты экономика секторымен тығыз байланыстыру, кадрлық әлеуетті арттыру, инновациялық саясатты елдің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру, жоғары оқу орындарында қолданбалы ғылымды дамыту.

ЕҚРҒЗИ Мемлекет басшысы айқындаған технологиялық даму, цифрландыру және орнықты өсім бағытын толық қолдайды.

Институт ұжымы Жолдауды – еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға және қойылған міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесін қосуға ынталандыратын маңызды стратегиялық құжат ретінде қабылдайды.

 

8 сентября 2025 года, сотрудники Республиканского научно-исследовательского института охраны труда внимательно следили за трансляцией ежегодного Послания Президента РК.

В ходе выступления Президент обозначил ряд ключевых задач, определяющих стратегическое направление развития страны. Среди них:

🔸Стремление Казахстана стать ведущим авиационным хабом на евразийском пространстве.

🔸Ускоренное принятие Цифрового кодекса — нового законодательного акта, регулирующего цифровую трансформацию.

🔸Создание единой цифровой системы учета миграционных потоков — как внутри страны, так и за её пределами.

🔸Унификация размеров социальных выплат для уязвимых категорий граждан во всех регионах.

🔸Создание цифровой платформы водных ресурсов с использованием технологий искусственного интеллекта.

🔸Модернизация коммунального хозяйства, повышение его устойчивости и эффективности.

🔸Улучшение качества услуг для автоперевозчиков на приграничных пунктах.

🔸Новый импульс для развития обрабатывающей промышленности.

🔸Установление новых экологических и санитарно-гигиенических норм в сфере ЖКХ.

🔸Принятие нового Строительного кодекса.

🔸Внедрение индекса инвестиционной привлекательности регионов.

🔸Новая система мониторинга качества и объема медицинских услуг с применением ИИ.

🔸Усиление связи науки и образования с реальным сектором экономики, развитие прикладной науки в вузах и синхронизация инновационной политики с приоритетами страны.

РНИИОТ поддерживает курс на технологическое развитие, цифровизацию и устойчивый рост, озвученный Президентом страны. Коллектив рассматривает Послание как импульс к дальнейшему укреплению научного потенциала и активному участию в реализации задач и готов вносить свой вклад.

2025-09-08 | г. Астана