В РНИИОТ состоялось заседание Ученого совета

2025 жылғы 3 қазан күні Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Жиын барысында ғылыми-зерттеу нәтижелері қарастырылып, 2025 жылдың тоғыз айындағы атқарылған жұмыс қорытындыланды.
Едильбаева Л.И. «Еңбек жағдайлары мен кәсіби тәуекелдер: «жасыл экономикаға» көшу аясындағы жіктеу, санаттар және топтастыру критерийлері» тақырыбындағы ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша баяндама жасап, алынған нәтижелер мен келешек зерттеу бағыттарын таныстырды. Рахметова А.М. қазіргі жағдайда зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етудің мемлекеттік тетігін трансформациялау мәселесін көтерді. Ал Сарыбаева И.Е. өндірістік жарақаттану қаупі жоғары салаларда еңбекті қорғау шығындарын есепке алу және талдау жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелерімен бөлісіп, институттың Ғылыми хатшысының 2025 жылдың тоғыз айындағы қызметі жөнінде есеп берді.
Сондай-ақ, ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығына аралық есептерді тапсыруға дайындық барысы талқыланды. Бұл мәселеге байланысты Бекмагамбетов А.Б. кеңес мүшелерін ақпараттандырып, есептердің уақытылы әрі сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті.
Отырыста көтерілген мәселелер еңбекті қорғау саласындағы өзекті тақырыптарды қамтып, еңбек жағдайларын зерттеу, кәсіби тәуекелдерді бағалау, әлеуметтік қорғау тетіктерін жетілдіру және шығындарды басқару бағыттарының маңызын айқындады. Институттың ғылыми қызметінің нәтижелері Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге және қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыруға зор үлес қосуда.
3 октября 2025 года в Республиканском научно-исследовательском институте по охране труда состоялось заседание Ученого совета, на котором были рассмотрены результаты научных исследований и подведены итоги работы за девять месяцев текущего года.
С докладом о реализации научно-технической программы «Условия труда и профессиональные риски: классификация, категории и критерии группировки в рамках перехода к «зеленой экономике» выступила Едильбаева Л.И., представив полученные результаты и направления дальнейших исследований. Рахметова А.М. осветила тему трансформации государственного механизма социальных гарантий в отношении работников, занятых во вредных условиях труда в современном контексте. В свою очередь, Сарыбаева И.Е. представила результаты работы по совершенствованию системы учета и анализа затрат на охрану труда в отраслях с высоким уровнем профессиональных рисков, а также отчиталась о деятельности Ученого секретаря института за 9 месяцев 2025 года.
Отдельное внимание в работе совета было уделено подготовке к сдаче промежуточных отчетов в Национальный центр государственной научно-технической экспертизы. С этой информацией членов совета ознакомил Бекмагамбетов А.Б., подчеркнув важность своевременной и качественной отчетности.
Заседание показало, что проводимые в РНИИОТ исследования охватывают широкий спектр проблем в сфере охраны труда – от анализа условий труда и профессиональных рисков до совершенствования механизмов социальной защиты и управления затратами. Итоги научной работы института вносят весомый вклад в развитие современной системы охраны труда и формирование безопасной производственной среды в Казахстане.
2025-10-03 | г. Астана
