Генеральному директору РНИИОТ Актаевой Л.М. вручена юбилейная медаль «30 лет Конституции РК»

2025 жылғы 3 қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Аппарат басшысы Төлеев Нұрдаулет Төлеұлы Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтына құттықтау сапарымен келді.

Сапар барысында ол ЕҚРҒЗИ Бас директоры, медицина ғылымдарының докторы Ақтаева Лязат Мейрашқызына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттіліктің қалыптасуына, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалын табыстады.

Бұл — Лязат Мейрашқызының денсаулық сақтау, әлеуметтік саясат және еңбек қауіпсіздігі жүйесін дамытуға қосқан көпжылдық, өлшеусіз еңбегінің жоғары бағалануы. Бұл мәртебелі медальге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шеңберінде бар болғаны тоғыз азамат ие болған, бұл оның маңыздылығын ерекше айқындайды.

Сондай-ақ Лязат Мейрашқызына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің атынан құттықтау адресі, сонымен қатар гүл шоғы мен естелік сыйлық табысталды — бұл көрсетілген құрмет пен ілтипаттың жарқын белгісі болды.

ЕҚРҒЗИ ұжымы Бас директор Ақтаева Ляззат Мейрашқызын шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шабыт, жаңа жетістіктер мен ел игілігі жолындағы табысты еңбектер тілейді!

3 сентября 2025 года в Республиканский научно-исследовательский институт охраны труда с поздравительным визитом прибыл Руководитель Аппарата Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан — Толеев Нурдаулет Толеевич.

В рамках визита он лично вручил Генеральному директору РНИИОТ — доктору медицинских наук Актаевой Лязат Мейрашевне — юбилейную медаль «30 лет Конституции Республики Казахстан», присуждённую Указом Президента Республики Казахстан за значительный вклад в становление государственности, укрепление суверенитета страны и социально-экономическое развитие.

Эта высокая государственная награда — признание многолетнего, выдающегося вклада Лязат Мейрашевны в развитие здравоохранения, социальной политики и системы охраны труда. Такой высокой награды были удостоены всего девять граждан в рамках Министерства труда и социальной защиты населения РК, что подчёркивает её особую значимость.

В этот же день Лязат Мейрашевне в честь юбилея был вручён поздравительный адрес от имени Министра труда и социальной защиты населения РК, а также — в знак внимания и уважения — букет цветов и памятный подарок.

Коллектив РНИИОТ от всей души поздравляет Генерального директора Актаеву Лязат Мейрашевну с заслуженной наградой!

Желаем крепкого здоровья, вдохновения, дальнейших успехов и новых свершений на благо страны и общества!

2025-09-03 | г. Астана