logo kaz new

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің штаттық саны 2022 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша 60 адам. Бос орындар 15 бірлікті құрайды, оның ішінде аға ғылыми қызметкер (АҒҚ) – 3 бірл., ғылыми қызметкер (ҒҚ) – 6 бірл., кіші ғылыми қызметкер (КҒҚ) – 2 бірл., бас сарапшы – 1 бірл. және сарапшы – 3 бірл.
Институт қызметінің мәні ғылыми зерттеулер, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатындықтан, бос лауазымға үміткерлерге қойылатын талаптар келесідей:
АҒҚ біліктілігіне қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандық бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабысқа берілген авторлық куәліктерінің болуы, ғылыми дәрежесі болған кезде - жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
ҒК біліктілігіне қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, өнертабысқа немесе ғылыми еңбектерге авторлық куәліктерінің болуы, ғылыми дәрежесі бар болған жағдайда жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
КҒК біліктілігіне қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, ғылыми дәрежесі болған, докторантураны бітірген және тағылымдамадан өткен кезде жұмыс стажына талаптар қойылмай, жоғары оқу орындары (факультеттер) кеңестерінің ұсынымдары болған кезде кіші ғылыми қызметкер лауазымына оқу кезеңінде жұмыс тәжірибесін алған жоғары оқу орындарының (магистратураның) түлектері ерекшелік ретінде тағайындалады.
Бас сарапшы біліктілігіне қойылатын талаптар: бас сарапшы лауазымына жоғары білімі немесе жоғары кәсіптік білімі (магистратура), тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады.
Сарапшы біліктілігіне қойылатын талаптар: сарапшы лауазымына тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.

 

logomzsrkz aposho yazik kaz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2022 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы