Сәрсенбі, 20 Қараша 2019

1717

4242

Еңбекті қорғау жұмыскерлеріне ғылыми-практикалық көмекті және оқытуды ұйымдастыру жөніндегі басқарма «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты»РМҚК Оқу-әдістемелік орталығы 2005 жылы құрылды.
2014 жылғы 1 шілдеден бастап оқу-әдістемелік орталығы ғылыми-практикалық орталығына (бұдан әрі - Орталық) қайта аталды.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық Еңбекті қорғау жұмыскерлеріне ғылыми-практикалық көмекті және оқытуды ұйымдастыру жөніндегі басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) қайта аталды.
Басқарманың негізгі міндеттері:
- еңбектi қорғау, өндiрiстiк қауiпсiздiк саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске асыруға бағытталған бiлiм беру, ақпараттық, консультациялық, ғылыми-зерттеу мен енгiзу қызметтерiн шаруашылықпен айналысатын құқық субъектiлерiне және жекелеген жеке тұлғаларға көрсету; кәсiпорындарда еңбек қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғау саласындағы персоналдың бiлiктiлiгiн (құзыреттiлiгін) арттыру түрінде оқыту;
- нормативтiк құқықтық актiлер туралы бiлiмдердi алуда, осы құжаттардағы өзгерiстер мен толықтырулар, тиiстi салалардағы өте жаңа жетiстiктер, алдыңғы отандық және шетелдiк тәжiрибе туралы мамандардың қажеттiлiгін қанағаттандыру;
- еңбек қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғау мәселелері бойынша персонал, басшылар мен мамандарды оқыту ұйымдастыру және жүргізу;
- еңбек қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғау саласында бiлiм беру, консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсету;
- Басқарма жұмысының бейіні бойынша бағдарламалар, жобалар, ұсынымдар, басқа құжаттар мен материалдардың ғылыми сараптамасын жүргізу;
- еңбек қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғау саласында оқу-әдiстемелiк материалдарды, нормативтiк және анықтамалық материалдарды, құралдарды, ұсынымдарды, бақылау-өлшеу кешендерді әзірлеу;
- еңбек қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғау саласында оқу-әдiстемелiк материалдардың, нормативтiк және анықтамалық материалдардың, құралдардың, ұсынымдардың, бақылау-өлшеу кешендердің сараптамасын жүргізу;
- еңбек қауiпсiздiгі мен еңбектi қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласында бақылау- оқытатын бағдарламалық кешендерді сүйемелдеу бойынша қызметтердi көрсету.
Басқарманың функциялары:
- Оқытуды ұйымдастыру және жүргізу;
- Оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және іске асыру.
Жұмыс істеген жылдар ішінде «ҚР ДСӘДМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК Басқармасы мен филиалдары жанында Қазақстан Республикасы ұйымдары мен кәсіпорындарының 60 000 жуық басшылары мен инженер-техникалық жұмыскерлері біліктілігін арттырудан өтті.


Басқарма басшысы - Наурызбаева Салтанат Калиевна.
Тел.: 8 (717 2) 57 50 24 (ішкі 104, 107), е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы