Жексенбі, 21 Шілде 2019

 

tk68kk

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы № 68 Техникалық Комитет (бұдан әрі - ТК) ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 363-од бұйрығымен құрылды.

№ 68 ТК еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттар талабына сәйкестік жөнінде қызметтер және процестерді (жұмыстарды) стандарттау саласында жұмыстарды жүзеге асыру үшін «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын базасында құрылды.

«Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» № 68 ТК – бекітілген қызмет салалары бойынша еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында стандарттау жөнінде міндеттерін орындау үшін құрылған мүдделі кәсіпорындар және ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, мемлекеттік басқару органдарының өкілетті өкілдер, жоғары білікті мамандар бірлестігі.  

Техникалық Комитеттің қызметі мыналарға бағытталған:

- еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында мемлекеттiк стандарттардың сапалық деңгейiн арттыру;

- еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында халықаралық стандарттарды есепке ала, биiк ғылыми-техникалық деңгейде өз уақытында әзiрлеу;

- еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында бұрын бекітілген қолданыстағы мемлекеттiк стандарттарды сүйемелдеу;

- еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында жаңадан әзірленген және бекітілген стандарттарды сүйемелдеу.

 

Ескертпе: Кез-келген заңды және жеке тұлғалар жазбаша өтініш негізінде Техникалық Комитет құрамнан кiре немесе шыға алады.

 

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2017 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы