Сенбі, 21 Қыркүйек 2019

bisБисақаев Серікқали Ғұмарұлы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК Бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
1951 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Фурманов (Қазталов) ауданы Қызыл партизан ауылында туып-өскен.
1972 жылы «Түсті металдар технологиясы» мамандығы бойынша, В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірді, инженер-металлург, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2010). «Еңбек қауіпсіздігін сақтау жөніндегі бақылауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Париждегі Ұлттық жоғарғы тау-кен мектебін (Франция, 1996-1997) бітірді. Мемлекеттік қызметшілердің басшылары үшін біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (АҚШ, 2009) және «Назарбаев Университеті» АҚ (Астана, 2010) оқыған.

Еңбек жолын Бисақаев Серікқали Ғұмарұлы 1972 жылы Жезқазған мыс қорыту зауытында жұмысшы, ауысым шебері, ауысым бастығы ретінде бастады. Қазақ ССР Түсті металлургия министрлігінде (1979–1988) жауапты қызметтерде және Кен-металлургия өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподақ ұйымының орталық комитетінің Бас техникалық еңбекті қорғау инспекторы (1988-1994), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы жаңадан құрылған мемлекеттік орган Еңбекті қорғау бойынша бақылау басқармасының бастығы және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы (1994), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген (2008-2009).

2013 жылғы тамыздан бастап - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның Бас директоры.

Бисақаев Серікқали Ғұмарұлы – қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша міндеттер жүктелген қызметкерлер мен басшыларға көмектесетін кітаптардың, әдістемелік оқу құралдарының авторы. Қазақстан Республикасының барлық нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге тікелей қатысқан: «Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау» (1993); "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" (2005); «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» (1999); «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» (2007); «Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын ратификациялау туралы» және т.б. ...
Бисақаев Серікқали Ғұмарұлы Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) және БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментімен қауымдастырылған Халықаралық экология және тіршілік әрекеті қауіпсіздігі ғылымдары академиясының (ХЭҚҒА) академигі болып табылады.«Ғылымдағы еңбегі үшін» орденімен марапатталған.

2014 жылғы қазан айында академик С.Ғ. Бисақаев «Снижение производственного шума в источнике возникновения (создание демпфирующих сталей)» тақырыбы бойынша техника ғылымдарының докторы дәрежесін алуға диссертация қорғады.2015 жылы Аймақтық Менеджмент Академиясының профессоры академиялық атағы берілді.

«2014 жылдың үздік басшысы» номинациясындағы жеңімпазы болып табылады, ал ол басшылық етіп отырған Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының ұжымы қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес «2014 жылдың мемлекеттік кәсіпорны» құрметті атағына ие.

Адал еңбегі үшін Серікқали Ғұмарұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен»; «Ерен еңбегі үшін» («За доблестный труд») медалімен; «Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер» орденімен және басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталған.

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы