Сенбі, 21 Қыркүйек 2019

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК (бұдан әрi – «ЕҚРҒЗИ») Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 854 қаулысына сәйкес құрылды.

Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, 2004 жылғы 28 ақпандағы № 528 «Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Кәсіпорынның Жарғысын және өзге де тиiстi нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.


«ЕҚРҒЗИ» құру уақыттың талабымен шартталған, өйткені «Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын енгізгеннен бастап еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, соның ішінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу қажеттiлiгi мен маңыздылығы өсті. Осы саладағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу ғылымның соңғы зерттеулерінің нәтижелеріне негiзделуi керек.
Министрліктің келесі қадамы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын іске асыру болып табылады.
«Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік» бөлімінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы:
- «Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты. Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы мәселелерін шешу – бұл әрбір қазақстандыққа әсер ететін қиын және өте маңызды міндет. Сондықтан бұл тұста әр қадам мұқият ойластырылған болуы тиіс» деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы кеңестен кейінгі кеңiстiкте жетекші мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл әлеует барлық қазақстандықтардың өркендеуіне негіз болу үшін экономиканың өсуі адам факторы және ертеңгі күн туралы қамымен, тұрақтылықпен ере жүруі қажет. Сондықтан кәсіпорындардағы еңбек гигиенасы, қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау біздің Республика үшін стратегиялық фактор болып табылады. Соңғы жылдардағы тәжірибе дәстүрлі, жинақталған әдістер мен тәсілдер резервтері өз тиімділігінің шегіне жеткенін көрсетеді және еңбек гигиенасы, қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қойылған міндеттер шешімінің ғылыми негізделген, сенімді дәлелденген әдіснамасы ең алдына шығады.
Институттың қойылған міндеттеріне сәйкес келесі бағыттар бойынша қызметі жүзеге асырылады:
Ғылыми зерттеулер және енгiзу
• Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу
• Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ғылыми-әдiстемелiк қамсыздандыру
Нормативтік-құқықтық қызмет
• Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу
• Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау саласындағы салалық, сала аралық нормативтік актiлердi әзiрлеу
• Кәсіпорын қағидаларын, стандарттарын, нұсқауларды, ережелерді және т.б. әзірлеу
Заңнамаларды сақтау мониторингі
• Экономика салаларында, ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау күйін бағалау және талдау жүргізу
• Кәсіби аурулар және өндірістік жарақаттану себептеріне, қауіптердің пайда болуына талдау жүргізу
• Оларды төмендету және ескерту бойынша ұсыныстар әзірлеу
Өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау
• Мемлекеттік басқару органның тапсырмасы бойынша өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізу
• Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі материалдарға сараптама жүргізу
Кәсіби стандарттарды әзірлеу
• әр түрлі деңгейдегі қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне талаптарды қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
• - еңбек нарығының сұрауына дайындалған кадрлардың кәсіби біліктілігіне сәйкестігін бағалауды қамтамасыз ету;
• - кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
• - осы мамандық бойынша, экономиканың осы саласындағы озық және халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, кәсіби стандарттарды әзірлеу;
• - экономиканың осы саласының ұйымдарындағы кәсіби стандарттарға сынақтан өткізу жүргізу.
Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау саласында оқыту
Еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстардың алдынғы қатарлы отандық және шетелдік тәжiрибесiн насихаттау
Ақпараттық қызметтер
• Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау саласындағы ақпараттық қызметтерді көрсету;
• Еңбек қауiпсiздiгі және еңбекті қорғау саласындағы дистанциялық бiлiм беретiн бағдарламаларды әзірлеу;
• Еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстардың алдынғы отандық және шетелдік тәжiрибесiн насихаттау;
• Экономикалық қызметінің барлық салалары және әлеуметтік саласы үшін кәсіби стандарттар әзірлеу.
ЕҚРҒЗИ құрылымына Астана қаласындағы бас кәсіпорын және он екі филиалдары кiредi.

Филиалдардың базасында өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі заманауи аспаптар және жабдықтармен жақсы жабдықталған зертханалар әрекет етеді.

 

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы