Сәрсенбі, 20 Қараша 2019

201930«ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК қызметкерлері, Еңбекті қорғау саласындағы регламенттеу зертханасының басшысы С.А. Бекеева және Кәсіби тәуекелдерді зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері Г.Т. Айткенова 2019 жылғы 24-25 қазан аралығында Мәскеу қаласындағы Цифрлық көшбасшылық орталығында «Эталон» қауымдастығы ұйымдастырған «ТӘУЕКЕЛДЕРГЕ ЖОЛ ЖОҚ» денсаулық және қауіпсіздік ғылыми-практикалық форумға қатысты.
2 күн бойы алаңда атқарушы өкіметтің федералдық органдарының, қадағалау органдарының, ірі бизнестің және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік, еңбек медицинасы мәселелерімен айналысатын сараптамалық ұйымдардың сарапшыларының қатысуымен 24 семинар өтті. Форум аясында еңбек қызметімен байланысты жарақаттану, кәсіби тәуекелдерді басқару, сондай-ақ жұмыскерлердің психологиясы мен уәждемесі мәселелері талқыланды.
2018 жылы Апта шеңберінде «Vision Zero» қозғалысына Ресейде бастау берілді. Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы әзірлеген «Vision Zero» немесе «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы - бұл өндірістің барлық деңгейлерінде еңбек қауіпсіздігі, гигиенасы және жұмыскерлердің әл-ауқаты сияқты үш бағытты біріктіретін алдын алуды ұйымдастырудың сапалы жаңа тәсілдемесі. «Қызметкерлердің жұмыс күндерін өткізіп алу себептерінің басым бөлігі олардың негізгі еңбек қызметімен емес, әртүрлі күйзелістермен және басқа да психологиялық себептермен, сондай-ақ әлеуметтік факторлармен байланысты - деп атап өтті сессия шеңберінде Vision Zero елшісі, ORP Халықаралық қорының президенті Ханс-Хорст Конколевски. - Бұл қызметкерлердің әл-ауқатының кәсіпорындар жұмысының тиімділігіне әсері артып келе жатқандығының тікелей дәлелі болып табылады».
Бұдан басқа форум жұмысы барысында еңбекті қорғау, жұмыскерлердің денсаулығын алдын алу және оңалту, еңбек медицинасы саласындағы үздік тәжірибелер мен инновациялық технологиялар, еңбек қауіпсіздігі мәдениеті мәселелері көрсетілді. Сондай-ақ Ресей Федерациясының нормативтік құқықтық базасының жоспарланған өзгерістері және оны орындау бойынша ұсынымдар ұсынылды.
Бағдарламаның іс-шаралары практикалық білімді, еңбекті қорғаудың негізгі бағыттары бойынша үздік тәжірибені қолдана отырып, қатысушыларды белсенді оқыту форматында өтті.
Еңбек қауіпсіздігі технологиялары мен жаңашылдықтары саласындағы орталық оқиға ретінде Халықаралық ғылыми-практикалық форум еңбек қауіпсіздігі мен тұрақты даму саласындағы озық тәжірибені тиімді көрсетуге мүмкіндік береді.
Форум аяқталғаннан кейін «ТӘУЕКЕЛДЕРГЕ ЖОЛ ЖОҚ» денсаулық және қауіпсіздік ғылыми-практикалық форумының конференциялары мен іс-шараларына қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

Г.Т. Айткенова
Кәсіби тәуекелдерді
зерттеу зертханасының
аға ғылыми қызметкері

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы