Сәрсенбі, 20 Қараша 2019

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республика кәсіпорындарында 844 жазатайым оқиға орын алып, нәтижесінде 943 адам зардап шеккен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13%-ға төмен (2018 жылдың 9 айында – 1 085 адам), оның ішінде 111 адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 26%-ға төмен (2018 жылдың 9 айында – 150 адам).
Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 153 немесе 16,2% және құрылыс саласында – 121 немесе 12,8% байқалады.
Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан (137 адам зардап шекті), Қарағанды (133 адам), Павлодар (83 адам), Қостанай облыстарында (67 адам) және Алматы қаласында (73 адам) сақталуда.
Еңбекті қорғау саласында неғұрлым жиі орын алатын бұзушылықтар қызметкерлерді оқытпау және нұсқама жүргізбеу – 13,5 % (243); қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу – 11,9% (214); жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқкиіммен қамтамасыз етпеу – 9,7% (174) болып табылады.
Жазатайым оқиғалардың көпшілігі зардап шегушінің биіктіктен құлауынан (191 немесе 20,2%), қозғалатын, айналатын заттардың әсерінен (119 немесе 12,6%), заттардың, материалдардың қирауынан, опырылуынан, құлауынан (105 немесе 11,1%) болған.
Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 054 тексеру жүргізіп, оның барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 1 791 бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге бұзушылықтарды жою туралы 344 ұйғарым шығарылып, 21,2 млн.теңге сомаға 151 әкімшілік айыппұл салынды. Заңды және жеке тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 631 өтініші қаралып, өндірістегі жазатайым оқиғаларға 882 арнайы тексеру жүргізілді. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнуіне байланысты мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды бұзғаны үшін 47 адамды атқарып отырған қызметінен босатылды. 11 құрал-жабдық, 2 өндірістік нысан және 7 ұйымның қызметіне тыйым салынды. 820 іс құқық қорғау органдарына берілді, олар бойынша 116 қылмыстық іс қозғалды.
Жалпы, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған еңбекті қорғау саласындағы кешенді шаралар өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда, онда мыналар көзделеді: кәсіптік тәуекелдерді бағалау мен басқаруға негізделген кәсіпорындарда қауіпсіздікті басқарудың заманауи жүйелерін енгізу; алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып, жұмысшыларды қауіпсіздік техникасы және еңбек нормаларына, сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, денсаулыққа арналған азық-түлік, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарын жеткізу ережелері мен стандарттарын, жұмыс берушілердің өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша сертификаттау ережелерін қайта қарау.
Сонымен қатар, «Нөлдік жарақат – «Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету үшін Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Ақпарат ұсынылған: ҚР ЕХӘҚМ

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы