Жұма, 13 Желтоқсан 2019

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылғы 3 қазанда «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмыскер» тақырыбына бастапқы кәсіподақ ұйымдарының форумында өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мәселелеріндегі проблемалар туралы «ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас директоры, т.ғ.д., академик С.Ғ. Бисақаев сөз сөйледі.
Серікқали Ғұмарұлы, аттестаттау өткізу мерзімділігіне ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарын және өлшеуге жататын факторларды айқындау кезінде сапасы мен объективтілігіне бақылау жасау қажеттігін атап өтті.
Жұмыскерлердің өкілдерін аттестаттау комиссиясының мүшелері ретінде аттестаттауды дайындау, өткізу және нәтижелерін қабылдаудың барлық кезеңдеріне белсенді қатысуға және әрдайым жұмыскерлердің денсаулығын қорғауда болуға шақырды.
Форум өндірістік жарақаттану, кәсіби аурулар, өндірісте өлімге алып келген жазатайым оқиғалар деңгейін төмендету және еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту, сондай-ақ еңбек етіп жатқан халықтың денсаулығын нығайту мен сақтау келешегін талқылау бойынша тиімді диалог алаңына айналды.
Іс-шара жұмысына ҚР Кәсіподақтар федерациясының басшылары, әлеуметтік серіктестер, бастапқы кәсіподақ ұйымдарының мүшелері, халықаралық ұйымдардың, орталық мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ еңбек қорғау саласындағы сарапшылар, ғылыми қайраткерлер қатысты.
Кәсіподақтар федерациясы ҚР Үкіметіне еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу, ғимараттардың, құрылыстардың техникалық жағдайын жаңғыртуға және жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктерді жоюға байланысты шығыстарға әлеуметтік бағдарланған жұмыс берушілерге салықтық жеңілдіктер беру бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды және т.б. есепке алу мен бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру ұсынылды.
Осы ұсыныстар ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасында көрініс алды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар практикалық ұсыныстар әзірледі.

Меденова Майгүл Қабдешқызы
Талдамалық зерттеулер және ҒЗЖ
ұйымдастыруды қамтамасыз ету зертханасы

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы