Жексенбі, 13 Қазан 2019

Ақтөбе қаласында 2019 жылғы 26 қыркүйекте «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтау мәселелері қаралды.
«Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге жеңілдіктер мен өтемақыларды ұсынудың жаңа тәсілдемелер»" тақырыбына «ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас директоры, т.ғ.д., академик С.Ғ. Бисақаев баяндама жасады.
С.Ғ. Бисақаев өз баяндамасында ғылыми және талдамалық зерттеулер жүргізу негізінде еңбек заңнамасын жетілдіру мақсатында әзірленген еңбекті қорғау саласындағы жекелеген мәселелер бойынша институттың ұсыныстарын айтты. Баяндамашы енгізілген нәтижелерге тоқталды, олардың ішінде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау ережесіне енгізілген негізгі өзгерістер.
Ең маңызды өзгеріс бұл зиянды өндірістік факторларды өлшеу хаттамасы зияндылық және қауіптілік дәрежесінің көрсеткішімен толықтырылғаны болып табылады, яғни енді осы аттестаттауды пайдалануға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларының сыныбы беріледі.
Бұл қосымша демалыстар мен қысқартылған жұмыс күнін ұсыну тәртібін өзгерту жолындағы алғашқы қадам. Сонымен қатар, аттестаттау нәтижелері бойынша еңбек жағдайлары сыныптарын беру гигиеналық нормативтерін асып түсу дәрежесі бойынша жеңілдіктер мен өтемақыларды ұсыну көлемдерін саралауға мүмкіндік береді.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын белгілеуге негіз өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау материалдары қызмет етуі керек.
Сонымен қатар, Институт ұсынған жаңалықтардың бірі гендерлік теңдік мәселелерінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері болып табылады.
Зиянды жағдайларда әйелдердің еңбегін реттеу тетігін жетілдіруге арналған зерттеулер Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде жүргізілді.
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша әйелдер үшін ауыр және зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарға шектеулердің болуы әйелдердің жалақысы жоғары кәсіптерге қол жеткізуіне теріс әсер етеді, ал Әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың қолданыстағы тізімі ТМД елдерімен салыстырғанда ең ауқымды жұмыстардың бірі болып табылады.
Ерлер мен әйелдердің жалақы қорының ара қатынасы статистиканың деректері бойынша әйелдердің жалақысы ерлерден орташа есеппен 30% - ға аз екендігін көрсетеді. Бұл алшақтықты барынша төмендету жоспарда бар.
Осыған байланысты Тізімді қайта қарау және олардың процестерін автоматтандыруға және қол еңбегін алып тастауға қарай әйелдердің ұрпақты болу денсаулығы үшін қауіп төндірмейтін жұмыс түрлеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету қажеттілігі туындады.
Зерттеу нәтижелері бойынша Тізім өзектіленіп, 30% - ға қысқартылды.
Ұсынылған шараларды қабылдау жолымен тыйым салынған еңбек заңнамасының рұқсат беру сипатына көшуді жүзеге асыру жоспарлануда, бұл әйелдердің жоғары ақы төленетін кәсіптерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді және әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті жоюға ықпал етеді, сондай-ақ персоналды қабылдау кезінде жұмыс берушілерді таңдау еркіндігін кеңейтеді.
Бұл назар аударуы мүмкін кәсіпорындарда еңбекті қорғауды қамтамасыз етуде заңнама мен тәсілдемелерді реформалау жөніндегі барлық ұсыныстар емес. Алдағы уақытта олар заңды түрде бекітіледі деп үміттенеміз.

Меденова Майгүл Қабдешқызы
Талдамалық зерттеулер және ҒЗЖ
ұйымдастыруды қамтамасыз ету зертханасы

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы