Жексенбі, 13 Қазан 2019

Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ-ның ғылыми қызметкерлері «Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» атты ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру мақсатында 7 өңірде және республикалық маңызы бар 2 қалада орналасқан 20 пилоттық кәсіпорынды айқындады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері төмендегілерді қамтитын кәсіби тәуекелдерді басқару негізінде еңбекті қорғауды басқарудың әзірленген біріктірілген жүйесі түрінде кәсіпорындарда енгізілді:
- еңбекті қорғау саласындағы саясат;
- кәсіби тәуекелдерді бағалау нәтижелері;
- кәсіби тәуекелдерді бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
- өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібі;
- жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету туралы ереже;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды (қайта даярлауды) жүргізу, білімдерін тексеруге нұсқау беру тәртібі туралы ереже;
- міндетті медициналық тексерулер жүргізуді ұйымдастыру туралы ереже;
- еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды хабарлау және тергеп-тексеру тәртібі.
Сапар барысында аталған кәсіпорындарда кәсіби тәуекелдерді басқару негізінде еңбекті қорғауды басқарудың біріктірілген жүйесін енгізу бойынша практикалық семинарлар өткізілді. Семинарға қатысушыларға сертификаттар берілді.

«ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК
Кәсіби тәуекелдерді зерттеу зертханасының
аға ғылыми қызметкері
Мұканова Динара Базарқызы

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы