Сенбі, 21 Қыркүйек 2019

2019 жылғы 16 тамызда «Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі жаңа тәсілдемелерді әзірлеу және енгізу» тақырыбына ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 441 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасының V бағытын іске асыру мақсатында өткізілді.
Конференцияның мақсаты алдыңғы қатарлы отандық тәжірибені, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін насихаттау және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы әлеуметтік әріптестікті жандандыру болып табылады.
Конференция бағдарламасы:
1. «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫ БІРІКТІРУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ. ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕР» пленарлық сессия;
2. «ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ НОРМАТИВТІК РЕТТЕУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕМЕЛЕР. ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ» ғылыми сессия;
3. «ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫ БІРІКТІРУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ. ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ, ОЛАРДЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕР» ғылыми сессия;
4. «Кәсіби тәуекелдерді басқару» ААЖ «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК әзірлеген кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді автоматтандырылған бағалауды енгізу жөніндегі семинар-практикум (Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді).

Конференция шеңберінде кездесулер, талқылаулар және білім алмасу басшылар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің мамандары үшін жақсы тәжірибе және жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі жаңа тәсілдемелерді енгізудің катализаторы болады.

201921

 

Меденова Майгүл Қабдешқызы
Талдамалық зерттеулер және ҒЗЖ
ұйымдастыруды қамтамасыз ету зертханасы

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы