Жексенбі, 13 Қазан 2019

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес, ірі кәсіпорындардың: «Еуразиялық топ» ЖШС, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, НКОК (Норт Каспиан оперейтинг компани), «CAIH Power» (СиЭйАйЭич Пауэр) ЖШС Ақсай филиалы, басшы жұмыскерлері және еңбекті қорғауды мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар, 2019 жылдың 5-10 тамыз аралығында «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК Оқытуды ұйымдастыру жөніндегі басқарамсы жанындағы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Оқытуды заңнамалық актілерді әзірлеуге қатысатын Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының басшылары мен жетекші мамандары, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының мамандары, Қазақстан Республикасы медициналық мекемелерінің жетекші мамандары жүргізді.
Білімдерін тексеруге арналған емтиханды тапсыру қорытындылары бойынша тыңдаушыларға заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстанның бүкіл аумағында жарамды белгіленген үлгілерде сертификаттар мен куәліктер берілді.

Оқыту басқармасының маман-әдіскері
Б.Б. Шәріпбаева

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы