Жексенбі, 13 Қазан 2019

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабы (https://vip-kadry.mcfr.kz/#/document/93/1244/dfasug7277/) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері Одақ шеңберінде адам өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлардың тіршілігін және (немесе) денсаулығын, өсімдіктерді қорғау, тұтынушыларды шатастыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында, сондай-ақ энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатында қабылданатыны белгіленді.
«Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті (ТР ТС 019/2011) (https://vip-kadry.mcfr.kz/#/document/93/5081/dfasb2q9zb/) 2011 жылы 9 желтоқсанда № 878 Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілді және 2012 жылы 1 маусымда күшіне енді.
ТР ТС 019/2011 Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналысқа шығарылатын жеке қорғаныс құралдарын еркін қозғалысын қамтамасыз ету, жеке қорғаныс құралдарына қолдану және орындау үшін бірыңғай міндетті талаптарын Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында белгілеу мақсатында әзірленді.
Жұмыс беруші жұмыскерлерге техникалық регламентте көрсетілген сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен жеке қорғаныс құралдарын ғана беруге міндетті.
Техникалық регламенте жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі деп мынаны түсінеді:
• -жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға, оның ішінде бұлар жасалған материалдардың әсер етуіне байланысты адам мен қоршаған ортаға жол берілмейтін әсердің болмауы;
-жеке қорғаныс құралдарын пайдалану барысында зиянды (қауіпті) факторлар адамға әсер еткен кезде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2019 жылғы 28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, оның алаңында «Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (ТР TS 019/2011) өзгерістер енгізу туралы» № 55 Комиссия Кеңесінің шешімі қабылданды, ол ресми жарияланған күнінен бастап 180 күн өткен соң күшіне енеді (2019 жылғы 27 қараша) (Комиссия Кеңесінің № 55 шешімі Еуразиялық экономикалық одақ сайтында Интернеттің ақпараттық және телекоммуникациялық желісінде 2019 жылғы 31 мамырда жарияланды).
Мақұлданған өзгерістер техникалық регламенттің тарау саласын, судан және улы емес заттардың ерітінділерінен және механикалық әсерлерден жеке қорғаныс құралдарына, химиялық факторлардың әсерінен тыныс алу мүшелері мен аяқтарына (аяқ киімдерге) жеке қорғаныс құралдарына қойылатын талаптарды нақтылайды.
Қолдарға арналған жеке қорғаныс құралдарына талаптар толықтырылды (терісі су өткізбейтін болуы тиіс), қорғау көзілдірігі мен көзілдірік әйнектеріне қойылатын талаптар нақтыланып жатыр, қорғаныс бет қапқаншалары мен қорғаныс жүйесінің компоненттеріне қосымша талаптар белгіленді.
Сонымен қатар, өрттер кезінде қолданылатын сүзгі өзін-өзі құтқарғыштарға қойылатын талаптар толықтырылды.
Сәйкестікті растау нысаны декларациялаудан есту аппараттарын сертификаттауға өзгереді.
Қазіргі уақытта Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, қолдану саласын және жекелеген ережелерін нақтылау, жекелеген объектілерге қойылатын талаптарды нақтылау, техникалық регламенттердің қосымшаларына өзгерістер енгізу бөлігінде «Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (ТР TS 019/2011) №2 Өзгерістер жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Енгізілген өзгерістер жұмысшыларды өндірістік қауіпті факторлардан қорғауға бағытталған.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры
Жалпошов Б. А.

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы