Жексенбі, 21 Шілде 2019

Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты KIOSH 2019 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 9-шы халықаралық конференция мен көрме барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің павильонында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша конкурс өткізді.
Аталған іс-шара жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүдделілігін қалыптастыру және арттыру, еңбек заңнамасының нормалары мен кепілдіктерін сақтауға ынталандыруды құру, сондай-ақ өндірісте өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту мақсатында өткізілді.
Тестілеу түрінде өткізілетін конкурсқа ниет білдірген көрменің кез келген қатысушысы қатыса алды. Конкурс жеңімпазын анықтайтын негізгі критерий тестілеу бағдарламасында белгіленген уақытта дұрыс жауаптардың ең көп саны болып табылады.
Конкурсты ұйымдастыру комитеті 3 жүлделі орын белгіледі, ол бойынша жеңімпаздар ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми - зерттеу институтының Оқуды ұйымдастыру жөніндегі басқармасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқуға сертификатымен марапатталды.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар айқындалды:
I орын мен тегін оқуға сертификатты «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ ("KEGOC") еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің бастығы Савирдинов Мусрятжан алды.
II-орын мен оқу құнынан 50% жеңілдікке сертификаттарды «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері алды:
- Ахметов Ильяс - департамент директоры;
- Баймукерова Мира - департамент менеджері.
III орын және оқу құнынан 30% жеңілдікке сертификатты «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бас маманы - Нысанбаев Шәріп алды.
Мұндай іс-шаралар қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз ету ісінде дәстүрлі болады деп үміттенеміз.

2019

Оқыту басқармасының басшысы
С. Наурызбаева

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2017 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы