Жексенбі, 21 Шілде 2019

KIOSH 2019 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 9-шы Қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі шеңберінде Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты 2019 жылғы 23 мамырда жыл сайынғы ғылыми сессияны өткізді. Дәстүр бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардағы денсаулық, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың ғылыми зерттеулеріне арналған «Қазақстанда еңбекті қорғауды басқару жүйелерін әзірлеу және олардың жұмыс істеуінің ғылыми–практикалық аспектілері» тақырыбына ғылыми сессияның модераторы – техника ғылымдарының докторы, академик, «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК бас директоры С.Г. Бисақаев сөз сөйледі.
Ғылыми сессияның құрметті қонағы Қазақстандағы Түркия елшісінің Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі Фатих Уйсал болды.
Ғылыми сессияның жұмысына еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы саласындағы жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды тікелей жүзеге асыратын мамандар қатысты. Сессия барысында еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері баяндалды және оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу және іске асыру мәселелері қозғалды.
Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Бүкілресейлік Еңбек жөніндегі ғылыми-зерттеу институты» ФМБМ бас директоры, а.ш.ғ.к. Д.Н. Платыгин «Кәсіби тәуекелдер негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесі» тақырыбындағы өз баяндамасында ресейлік ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметі және еңбекті қорғауды басқару жүйесін қалыптастыруға ғылыми тәсілдемелер туралы айтып берді.
Ғылыми сессия шеңберінде республикадағы кәсіби ауру-сырқаулық проблемалары да жарияланды. «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының бас кәсіби патологы, м.ғ.д., профессор А.У. Аманбекова өз баяндамасында кәсіби қызметпен байланысты аурулардың көрсеткіштерін азайту және осы саладағы ғылыми жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында оқыту және нұсқама жүргізу мәселелері мен олардың ғылыми-теориялық шешімдерін М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры ұсынды., т.ғ к. С.Г. Цыганков ұсынды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мамандар даярлауды жүргізетін Қазақстан Республикасындағы жетекші оқу орындарының бірі Қазақ технология және бизнес университеті болып табылады.
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ бірнеше жылдан бері осы ЖОО-мен ынтымақтасады. Студенттер Еңбекті қорғау жөніндегі ҒЗИ базасында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтеді. Тау-кен кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өз тәжірибесімен «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ-ның «Химия химиялық технология және экология» кафедрасының профессоры, т.ғ.к. А.Б. Болатова бөлісті.
Ағымдағы жылы «Қарасор КБК» ЖШС басшылығы өз кәсіпорнының базасында Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ ғылыми әзірлемелерін апробациялауға мүмкіндік берді. «Карасорский КБК» ЖШС қауіпсіздік техникасы инженері А.К. Анабаев өз сөзінде кен өндіру және байыту бойынша кәсіпорындарында кәсіби тәуекелдерді бағалауды енгізу нәтижелері туралы айтты.
Ғылыми зерттеулер негізінде «Енки» ЖШС-де еңбекті қорғауды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру туралы техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер Б.А. Қажығалиев жан-жақты айтып берді.
Соңғы жылдары ғылыми зерттеулер аясында ғылыми қызметкерлер кәсіби тәуекелдерді басқару мәселелерімен тығыз айналысамыз және отандық еңбекті қорғау жүйесін әзірлейміз. Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Кәсіби тәуекелдерді зерттеу зертханасының басшысы Ж.Х. Есбенбетова осы бағыттағы жоспарлардың іске асырылуы туралы баяндама дайындады.
Зерттеулердің барлық жарияланған нәтижелері, проблемалар және оларды практикалық шешу жолдары еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтарды жою, еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіби аурулар санын қысқарту бойынша тиімді шараларға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2017 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы