Сенбі, 21 Қыркүйек 2019

201914KIOSH 2019 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 9-шы Қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қолдауымен жыл сайын өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев KIOSH 2019 көрмесін аша отырып, көрме мемлекеттік құрылымдар өкілдері, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндірушілер мен жеткізушілер арасындағы іскерлік және кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Көрме экспозициясымен танысқаннан кейін KIOSH 2019 Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік конференциясы өз жұмысын бастады. KIOSH конференциясы өндірісте қаза тапқан жұмыскерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен ашылды. ХЕҰ деректері бойынша әлемде жыл сайын шамамен 270 миллион жазатайым оқиға және 160 миллион кәсіби аурулар тіркеледі, олар екі миллионнан астам адамның өмірін алып кетеді. Осы себепті әлемдік экономиканың жалпы ішкі өнімінің төрт пайызы жоғалуда.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев өз сөзінде өндірістік жарақаттануды азайту шаралары Еңбек мәселелері жөніндегі заң жобасында және ҚР 2019-2023 жылдарға арналған зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс орындарын және өндірістік жарақатты азайту бойынша жол картасында көрініс тапқанын хабарлады. «Қабылданған шаралар нәтижесінде жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициентін 1000 адамға шаққанда 0,22 дейін төмендету, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлердің үлес салмағын 20% дейін қысқарту жоспарлануда».
KIOSH конференциясы алаңында қатысушылар саланы дамытудың өзекті мәселелерін қарастырды: Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік цифрлық технологияларын енгізу, ЖҚҚ жаңа жүйелері, еңбекті қорғауды басқару жүйелері, сондай-ақ мемлекеттік және ішкі бақылау.
Конференцияда Қазақстанның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласында ақпараттық және цифрлық технологияларды енгізу және пайдалану тақырыбына ерекше назар аударылды. Цифрландыру бойынша сессияда Халықаралық еңбек инспекциясы қауымдастығы (IALI), ERG, «Вист Групп» АҚ, EY, EVERYCO Central Asia, «Актив-Безопасность» ЖШС компаниясы және т. б. өз тәжірибелерімен бөлісті.
KIOSH Көрмесі мен Конференциясының жұмысы кезінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мамандар салалық министрліктер мен ведомстволардан, қауымдастықтардан, өнеркәсіптік кәсіпорындардан және ЖҚҚ бойынша жетекші компаниялардан пленарлық сессияға, дөңгелек үстелдерге және тақырыптық сессияларға қатысты.

201915

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Астана қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК

Картада орналасуы