Сәрсенбі, 20 Қараша 2019

2019122019 жыл - Халықаралық еңбек ұйымының жүз жылдығы болып табылады, оның аясында «Еңбек саласының болашағы» бастамасы іске асырылуда. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК өкілдері Сочи қаласында дәстүрлі өтетін Бүкілресейлік еңбекті қорғау апталығының жұмысына қатысады.
2019 жылы осы Аптаның көптеген ғылыми және мәдени іс-шараларына «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» РМҚК Өндірістік объектілерді аттестаттау және кәсіби стандарттарды әзірлеу зертханасының аға ғылыми қызметкерлері С.Т. Шорманов және М.А. Бекенова қатысты.
Апта жұмысы барысында кәсіби тәуекелдер, еңбекті қорғауды басқару жүйесі, кәсіби аурулардың алдын алу, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баяндамаларға баса назар аударылды.
Апта шеңберінде күн сайын ашық дәрістер топтамасы ұйымдастырылып, онда С.Т. Шорманов пен М.А. Бекенова «Қазақстан Республикасында зиянды еңбек жағдайларындағы әйелдердің еңбегін реттеу тетігін жетілдіру» және «Қазақстан Республикасында еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдірудің басым бағыттары» тақырыптарына баяндама жасады.
V Бүкілресейлік еңбекті қорғау аптасы барысында 2019 жылғы 26 сәуірде Жұмыс берушілер мен жұмыскерлерді еңбек жағдайларын жақсартуға және денсаулықты сақтауға ынталандыру, сондай-ақ азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру бойынша шаралар кешені бекітілді.
Шаралар кешенін қабылдау еңбек қызметі процесінде азаматтардың еңбегі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шараларды жүйелендіруге және құрылымдауға мүмкіндік береді, оларды іске асыру өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды экономикалық дамыған елдер деңгейіне дейін азайтуға мүмкіндік береді.
2019 – V Бүкілресейлік еңбекті қорғау аптасы аясында Сочиде дәстүр бойынша РФ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі М. Топилиннің қатысуымен «SAPE 2019 - Кешенді еңбек қауіпсіздігі» атты X Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша халықаралық көрмесі өтті. Министрліктің басшысы SAPE-2019 көрмесінің қатысушылары мен қонақтарына құттықтау сөзінде әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі өндірістегі жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, ЖҚҚ-мен жұмыскерлерді қамтамасыз ету, жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу болып табылатынын атап өтті. Көрмеде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен өнеркәсіптің жетістіктері ғана емес, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік басқару тәсілдемелері талқыланады.
2019 жылы екі айтулы күн: ХЕҰ-ның 100 жылдығы және Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ-ның 15 жылдығы сәйкес келді. Институт ғалымдары тәжірибе алмасып, барлығын 2019 жылы 22-24 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 9-шы Қазақстандық халықаралық конференция мен көрменің жұмысына қатысуға шақырды.

Меденова Майгүл Қабдешқызы
Талдамалық зерттеулер және ҒЗЖ
ұйымдаструды қамтамасыз ету зертханасы

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2019 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы