logo kaz new

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Институт) хабарлайды: Институт пен облыстық филиалдар қызметкерлерінің штат саны 2022 жылғы 3 маусымға 122 адамды құрайды. Жаңа штаттық кестені бекіткеннен кейін бос орын 9 бірлікті құрайды, оның ішінде Ғылыми бөлім басшысы – 1 бірлік, цифрландыру және ақпараттық ресурстар секторының басшысы – 1 бірлік, жетекші ғылыми қызметкер (ЖҒҚ) - 1 бірлік, ғылыми қызметкер (ҒҚ) – 1 бірлік, Өлшеу және бақылау сынақ зертханасының бас сарапшысы – 1 бірлік және шарттық жұмыс жөніндегі экономист - 1 бірлік, Атырау облыстық филиалының директоры - 1 бірлік, Ақтөбе облыстық филиалының директоры – 1 бірлік және Қарағанды облыстық филиалының сарапшысы -1 бірлік.
Институт қызметінің мәні ғылыми зерттеулер, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатындықтан, бос лауазымға үміткерлерге қойылатын талаптар келесі:
Ғылыми бөлім басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл.
ЖҒҚ біліктілігіне қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабысқа берілетін авторлық куәліктерінің, сондай-ақ практикада іске асырылған ірі жобалар мен әзірлемелердің болуы.
ҒҚ біліктілігіне қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, ғылыми дәрежесі бар болған жағдайда жұмыс өтіліне талап қойылмай, өнертабысқа немесе ғылыми еңбектерге авторлық куәліктерінің болуы.
Басшының біліктілігіне қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары кәсіптік білім (магистратура) және тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі. Ғылыми-зерттеу бөлімінің құрамына кіретін ғылыми-зерттеу секторының басшысы 3 жылға дейінгі мерзімге тиісті білім саласының жоғары білікті ғылыми дәрежесі жоқ, көрсетілген жұмыс тәжірибесі бар мамандар тағайындауы мүмкін.
Өлшеу және бақылау сынақ зертханасының бас сарапшысы біліктілігіне қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары кәсіптік білім (магистратура) және тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі. Білуге тиіс: Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімді аттестаттау қағидасыі; «Өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалаудың гигиеналық критерийлері және сыныптау» әдістемелік нұсқаулары, өлшеулерді орындау әдістемелерін практикада қолдана білу; аспаптық өлшеулер бойынша аспаптарды (құралдарды) пайдалана білу.
Шарттық жұмыс жөніндегі экономист біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары кәсіби (экономикалық) немесе инженерлік-экономикалық білім және экономист лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. Білуге тиіс: кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінің перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу тәртібі; материалдық, еңбек және қаржылық шығындардың нормативтерін әзірлеу тәртібі және т. б.
Облыстық филиал директорының біліктілігіне қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесі. Білуге тиіс: өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу тәртібі; еңбекті қорғау жөніндегі әдістемелік, нормативтік-техникалық және басқа да материалдар; мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы және т. б.
Сарапшы біліктілігіне қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары кәсіптік білім (магистратура) және тиісті мамандық бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі. Меңгеруі тиіс: біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты жүзеге асыру; өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімді аттестаттау ережесі және т.б. нормативтік құжаттар.

 

logomzsrkz aposho yazik kaz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2022 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы