logo kaz new

БИОМОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ БӨЛІМІ

Биомониторинг және еңбек гигиенасы ғылыми-зерттеу бөлімі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-ның құрылымдық бөлімшесі.
Бөлім қызметінің мақсаты биомониторинг және еңбек гигиенасы бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.
Бөлім қызметінің бағыттары:
• Еңбекті қорғау саласында перспективалық ғылыми жобаларды әзірлеу;
• Еңбек жағдайлары бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар, әдістемелер, әдістер мен тәсілдер әзірлеу және олардың енгізілуіне авторлық қадағалауды жүзеге асыру;
• Мына салаларда қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
- эргономикалық аурулардың алдын алу;
- кәсіптік тәуекелдер;
- жеке қорғану құралдары;
- химиялық, биологиялық қауіпсіздік;
- механикалық және электрлік қауіпсіздік;
- өндірістік жарақаттануды бағалау;
- апатсыз жұмыс ортасын құру мақсатында халықаралық қауіпсіздік қосымшалары мен басқару әдістерін енгізу және жергіліктендіру;
Республика кәсіпорындарында ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүргізу және ҒЗЖ нәтижелерін енгізу мәселелері бойынша Биомониторинг және еңбек гигиенасы бөлімі «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК облыстық филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Ғылыми зерттеулерді танымал ету ҚР экономикасының түрлі салаларына алынған нәтижелерді енгізу және өткізілетін ҒЗЖ материалдары бойынша бөлім қызметкерлерінің мақалаларын жариялау жолымен жүргізіледі.

ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІ

Әлеуметтік-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу бөлімі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-ның құрылымдық бөлімшесі.
Бөлім қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында еңбекті қорғаудың әлеуметтік-құқықтық аспектісіне қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік саясатын жүргізуге жәрдемдесу болып табылады.
Бөлім қызметінің бағыттары:
Мыналар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
- кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру саласындағы негізгі проблемалар;
- еңбекті қорғауды құқықтық реттеуді жетілдіру;
- еңбекті қорғау және еңбек қатынастары саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдіснамасын әзірлеу;
- олардың ақпараттылығы мен тиімділігін арттыру үшін еңбекті қорғау және еңбек қатынастары саласындағы зерттеулердің қазіргі әдістерін жетілдіру және жаңаларын әзірлеу.
• Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету саласындағы зерттеулердің басым бағыттары бойынша ұсыныстар мен жобалар әзірлеу;
• Еңбекті қорғау саласындағы регламенттеудің өзекті проблемалары туралы ғылыми негізделген ұсынымдар, оқу құралдарын әзірлеу және олардың енгізілуіне авторлық қадағалауды жүзеге асыру;
• Қазақстан кәсіпорындарының тәжірибесіне ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу;
• Қазақстан Республикасының экономикасы мен өнеркәсібінің әртүрлі салаларының кәсіпорындарына ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

Республика кәсіпорындарында ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүргізу және ҒЗЖ нәтижелерін енгізу мәселелері бойынша Биомониторинг және еңбек гигиенасы бөлімі «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК облыстық филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Ғылыми зерттеулерді танымал ету ҚР экономикасының түрлі салаларына алынған нәтижелерді енгізу және өткізілетін ҒЗЖ материалдары бойынша бөлім қызметкерлерінің мақалаларын жариялау жолымен жүргізіледі.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР ЖӘНЕ СТАТИСТИКА БӨЛІМІ

Экономикалық өлшемдер және статистика ғылыми-зерттеу бөлімі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-ның құрылымдық бөлімшесі.
Бөлім қызметінің мақсаты іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, эксперименттік және пилоттық статистикалық өлшеулерді, сараптамалық-талдау және консалтингтік қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Бөлім қызметінің бағыттары:
• Статистикалық есептің цифрлық деректерін өңдеу;
• Статистикалық есептілікті жасау;
• Статистикалық есепке алу деректері негізінде талдау.

Республика кәсіпорындарында ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүргізу және ҒЗЖ нәтижелерін енгізу мәселелері бойынша Биомониторинг және еңбек гигиенасы бөлімі «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК облыстық филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Ғылыми зерттеулерді танымал ету ҚР экономикасының түрлі салаларына алынған нәтижелерді енгізу және өткізілетін ҒЗЖ материалдары бойынша бөлім қызметкерлерінің мақалаларын жариялау жолымен жүргізіледі.

 

logomzsrkz aposho yazik kaz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2022 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы