logo kaz new

PRk

Кәсіби құзыреттер орталығы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-ның құрылымдық бөлімшесі.
Орталық қызметінің мақсаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында білім беру, консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсету болып табылады;
Орталық қызметінің бағыттары:
- шаруашылық жүргізуші құқық субъектілеріне және жекелеген жеке тұлғаларға еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі саласында білім беру, ақпараттық, консультациялық, ғылыми-зерттеу және енгізу қызметтерін көрсету;
- кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында персоналдың біліктілігін (құзыреттілігін) арттыру нысанында оқыту;
- мамандардың нормативтік құқықтық актілер туралы, осы құжаттардағы өзгерістер мен толықтырулар, тиісті салалардағы жаңа жетістіктер, озық отандық және шетелдік тәжірибе туралы білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- персоналды, басшыларды және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі мамандарды оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
- Орталық жұмысының бағыты бойынша бағдарламалар, жобалар, ұсынымдарға, басқа да құжаттар мен материалдарға ғылыми сараптама жүргізу;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы оқу-әдістемелік материалдарды, нормативтік және анықтамалық материалдарды, құралдарды, ұсынымдарды, бақылау-өлшеу кешендерін әзірлеу;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы оқу-әдістемелік материалдарға, нормативтік және анықтамалық материалдарға, құралдарға, ұсынымдарға, бақылау-өлшеу кешендеріне сараптама жүргізу;
-еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша бақылау-оқыту бағдарламалық кешендерін сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету.
Кәсіби құзыреттер орталығы республика кәсіпорындары мен ұйымдарында біліктілікті арттыруды бірлесіп жүргізу мәселелері бойынша «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК облыстық филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

 

logomzsrkz aposho yazik kaz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2022 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы