logo kaz new

NORMkz

Стандарттау және еңбекті нормалау орталығы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-ның құрылымдық бөлімшесі.
Орталық қызметінің мақсаты еңбек жөніндегі нормативтерін әзірлеу, ауыстыру, қайта қарау және бекіту бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі стандарттарды әзірлеу мен өзектендіру болып табылады.
Орталық қызметінің бағыттары:
- шаруашылық жүргізуші құқық субъектілеріне және жекелеген жеке тұлғаларға еңбек нормативтерін әзірлеу бойынша білім беру, ақпараттық, консультациялық, ғылыми-зерттеу және енгізу қызметтерін көрсету;
- «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» стандарттау жөніндегі № 68 Техникалық комитетінің қызметін жүргізу, оның ішінде стандарттарды әзірлеу бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерге қатысу;
- Еңбекті нормалау және стандарттау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, конференцияларға, семинарларға қатысу;
- заманауи жағдайларда, оның ішінде цифрлық технологияларды енгізуді ескере отырып, еңбекті нормалауды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу бойынша зерттеулерге қатысу;
- коммерцияландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Стандарттау және еңбекті нормалау орталығы республика кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбекті ғылыми негізделген нормалау жұмыстарын бірлесіп жүргізу мәселелері бойынша «ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК облыстық филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

 

logomzsrkz aposho yazik kaz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2022 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы